Жаңалықтар

Мобильді телефонның мүмкіндіктері көп

Мобильді телефонның қосымша мүмкіндіктерін пайданудың әдіс-тәсілдері.
Мобильді телефонның мүмкіндіктері көп
11.07.2017 16:55 11088

Заманауи теxниканың дамып кеткені соншалық, қазіргі уақытта мобильді телефон толыққанды дербес компьютерге айналу алдында тұр. Бұл күні телефон мыңдаған километр қашықтықтағы адаммен байланыс, қажет ақпаратты әп-сәтте тауып алу, ақпараттық таспа немесе жәй ғана уақыт өткізудің бір тәсілі.

Алайда, бұл сіздің телефоныңыздың мүмкіндіктерінің жартысы ғана. Бүгін оқырмандарымызбен телефонның нұсқаулығында жазылмайтын құпияаларымен бөлісеміз.

Телефонды ұрлықшылардан қорғау

Істемейтін ұялы телефон қажетсіз құрал болып қалады. Сондықтан, телефоныңыз ұрланған жағдайда, бірден оны блоктап тастаңыз. Ол үшін ұялы операторыңызға байланысып телефоныңыздың сериялық кодын айтуыңыз қажет. "Сақтықта қорлық жоқ" демекші оны дәл қазір *#06# комбинациясын теру арқылы бөлек жерге жазып алыңыз. Ал, егер мобильді телефоныңыз ұрланып кетіп, кодты жазып алмаған болсаңыз, оны қорабынан таба аласыз. Ол үшін штриx-кодының астынан IMEI деп жазылып тұрған жерді тауып алыңыз. Сол жерде номер көрсетіліп тұрады.

Тыңдау

Телефонды тыңдау құрылғысына айналдыру үшін оның қоңырауды автоматты түрде қабылдау функциясын қосып қою қажет. Кез келген кезде телефонға xабарласу арқылы, "тыңшы" бола аласыз. Бұл тәсіл қажет болғанда сізге "радионяняны" алмастыра алады.

Макротүсірілім

Кез-келген телефонның камерасы арқылы макротүсірілім жасауға болады. Ол үшін сіз кішкентай линзаны камераға қыстырып қойып, түсірілім жасай аласыз. Қолыңызда линза болмаған жағдайда камера жақсылап сүртіп,  бір тамшы су тамызу керек. Бұл тәсіл шынымен де жұмыс істейді.

Су астындағы түсірілім

Телефоныңыз судың астында түсірілім жасауға арналмаған болса көңіліңіз түспесін. Ол бәрі-бір судың астында түсірілім жасауға жарамды. Тек гаджетіңізге су кіріп кетпесе болды. Ол үшін әрине мобильді телефонға судан қорғайтын қап сатып алуға болады. Оны қымбатсынсаңыз телефонның көлемімен сәйкес келетін  кәдімгі қалың полиэтилен пакетке құралыңызды салып, ауызын жапқаннан кейін, су кіріп кетпейтініне толық сенімді болу үшін тігісті скотчпен желімдеп қойыңыз.

Телефонның өміршеңдігі

Смартфонның өміршендігіне көптеген факторлар әсер етері сөзсіз. Солардың бірі әрдайым өзіне шаң мен сорды жинап алуға құмар гаждетті қуаттайтын ұяшықтың таза болуы. Себебі, энергия үнемділіктің бастауы дәл сол жерден басталады. Сондықтан оны ұқыпты түрде тазалап тұру қажет. Ол үшін сізге шприц керек. Онымен ұяшықты желдету арқылы тазалай аласыз.

Дауысын ұлғайту

Гаджетіңіздің дауысы қажетті деңгейде шықпай тұрған сияқты болса, оны бос стақанға салып қойыңыз. Бұл тәсіл әсіресе таңертең ұялы телеофонының дауысын естімей, ояна алмайтындарға қажет.

Қуатты үнемдеу

Ұялы телефоныңызды  "Ұшу режиміне" қою арқылы қуатын үнемдей аласыз. Ол байланысты іздеуге қажетті барлық радиомодульдарды өшіру арқылы, гаждеттің қуатын үнемдейді. Сонымен қатар, қуаттағыш құралыңыз қолыңызда болмаса теледидардың USB ұяшығын пайдалануға болады.

Оқырманға сауал:

Ал сіз мобильді телефоныңыздың қандай жасырын мүмкіндіктерін білесіз?

Дайындаған: А.МАРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға