«Әдебиет порталы»

Міржақып Дулатұлының кеш ақталуы шығармаларына да кері әсерін тигізді – алаштанушы

01.10.2025 16:29

Міржақыптың ақталуының кешірек болуы - шығармаларының шығуы жариялануына да кері әсерін тигізгені анық. Бұл жөнінде алаштанушы, жас ғалым Данияр Ихсан «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Әдеби дискурс» подкастында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Міржақып Дулатұлын 140 жылдық мерейтойына қарсы «Қазақтың тарихы» атты кітап жарық көрген. Онда Алаш қайраткерінің бұрын-соңды жарияланбаған өлеңдері мен мақалалары енген.  Ал қайраткердік алғашқы шығармалар жинағы «Оян, қазақ!» атауымен 1991 жылы шыққан болатын. Оны құрастырған Марат Әбсеметов пен Гүлнәр Міржақыпқызы. Одан кейін де араға жылдар салып бүгінге дейін бірнеше шығармалар жинағы кітап болып басылды.

Данияр Ихсанның айтуынша, Алаш қайраткерінің биыл шығып отырған жинағы алдыңғы жарық көрген шығармалар жинағын қайталамау.

Міржақып Дулатұлының «Қазақтың тарихы» кітабының таныстырылымы туған жері Торғайда жасалды. Мұнда «барынша», «бірнеше» деген сөздерді қолдандық. «Барынша», «бірнеше» деген сөздер арқылы жас міржақыптанушыларға үндеу жасадық. Өйткені Міржақып Дулатұлының алты томдық жинағы шықты. Бүкіл мұрасы түгенделді. Енді Міржақыптың басқа да қандай шығармасы болуы мүмкін деген заңды сұрақ болады. Бірақ негізінде олай емес. Ол жинақта толық берілмеген, қысқаша берілген шығармаларын біз барынша толықтырдық, - дейді Данияр Ихсан.

Міржақыптануда болып жатқан жаңашылдықтар туралы «Әдеби дискурс» Yоutubе жобасында толық көруге болады.