Әмірлік компания елордада көпфункционалды кешен жобасын іске асырмақ
19.07.2022 15:25
Фото:
gov.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Ayana Holding» компаниясының Басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады, деп хабарлайды El.kz
Сұхбат барысында тараптар елордада «The Grand Mosque Residences» көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.
М. Тілеуберді Үкімет жобаны іске асыру және сүйемелдеуге қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екендігін хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
1-ші кезеңнің жалпы құны 576 млн АҚШ доллары, ал жобаның жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

