Жаңалықтар

«МИР» ТРК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫМЕН БІРЛЕСІП БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ИДЕЯЛАРЫН ТАРАТАДЫ

«МИР» ТРК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫМЕН БІРЛЕСІП БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ИДЕЯЛАРЫН ТАРАТАДЫ
20.11.2018 05:00 2126

 

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ««МИР» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ Ұлттық филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Іс-шара «Шаңырақ» этножурналистика саласындағы сыйақымен марапаттау, сондай-ақ «Үздік медиатор» және «Үздік медиация кабинеті» номинацияларын анықтау рәсімінде өтті.

Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко және Ұлттық филиал директоры Асқар Әлімжанов қатысты.

 

 

ҚХА басшысының орынбасары атап өткендей, Меморандумның мақсаты қазіргі әлемде қазақстандық мәдениетті ілгерілетуге бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логинімен толық үндесіп жатыр.

«Қазақстан мәдениеті өте алуан. Біз оның полиэтностық мәдениет ретіндегі сипатын бүкіл халықаралық қауымдастыққа жеткізуге мүдделіміз. «МИР» телерадиокомпаниясы қазір посткеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы достық, халық дипломатиясының жолсеріктерінің бірі болып табылады. Бұл бізді өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттейді. Біз бейбітшілік пен келісім идеяларын әлем бойынша кеңінен тарату үшін меморандумға қол қоямыз», – деді Леонид Прокопенко.

Бүгінгі таңда қазақстандық тәжірибе түрлі елдерде белсенді түрде қабылдануда. Спикердің айтуынша, Қазақстан «бірқатар бірлескен жобалар бойынша жақсы өзара іс-қимылды жолға қойған».

«Біз үнемі тәжірибелермен алмасу жүргізудеміз. Осы елдердің барлығында біздің отандастарымыз тұрады, сондықтан қазіргі заманғы теледидар, радио арқылы халықтар арасында «достық көпірін» орнатуға тиіспіз. Біз теледидар арқылы жұмыс істегенде әртүрлі елдерде адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын көрсетеміз, бұл әрдайым байланыстың нығайғанын білдіреді. Біздің бүгінгі Меморандум барлық Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен келісімнің тағы бір жолсерігі болады деп үміттенеміз», - деді Л. Прокопенко.

Уақиға бастамашыларының бірі – белгілі журналист және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметов.

«Біздің моделіміз бүкіл адамзат үшін қажетті асыл тастар кешені болып табылады. Менің ойымша, Меморандум – Елбасының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін тарату жөніндегі дана саясатын қуаттайтын бірегей құжат», – деп атап өтті профессор.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға