Кейде шаш үлгісінің өзі адамды жасартып жіберетінін байқауға болады. Осы орайда 5 минутта 10 жылға жасартатын әдістерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Жоғарыға буып жинау
Төбеден тартып, жинақы әрі тегіс етіп буу – нағыз лифтинг-әсері бар шаш үлгісі. Сұлулық әлемінде оны тіпті facelift ponytail деп те атайды. Себебі ол бетің тартылып тұрғандай әсер беріп, самай мен бет сүйектері тұсындағы теріні сәл керіп, ұсақ әжімдерді байқатпай жібереді. Нәтижесінде адамның жүзі әлдеқайда жинақы көрінеді. Айтпақшы, бұл әдісті әлемдік жұлдыздар – Ариана Гранде мен Белла Хадид те жиі қолданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мінсіз нәтиже үшін шашты мүмкіндігінше жоғары жинап, жылтыр беретін сарысудың (сыворотка) бір тамшысын пайдаланған жөн. Бұл шашты тегіс әрі сәнді етіп көрсетеді.
Оқи отырыңыз:
- Халал опа-далап іздейтіндер Vegan белгісіне қарасын – биолог-блогер
- Мектеп буфетінен Michelin-ге дейін: Парижде француздарды мойындатқан қазақ қызы кім?
- «Қасты 500 долларға әрлеймін». Мұғалімдіктен бас тартып, Нью-Йоркте өз брендін құрған қазақ қызы
Асимметриялы әрі көлемді сәндеу
Бірақ мінсіз симметрияны да сұлулықтың кепілі деп ойлауға болмайды. Кейде пропорцияны сәл «бұзу» – бейнеге жан бітіретін ең ұтымды қадам. Тереңірек қиғаш айырма – стилистердің сүйікті айласы: ол шаш түбіне көлем беріп, бетті визуалды түрде тартады.
Асимметриялы сәнделген шаш назарды көз бен бет сүйектеріне аударады, сол кезде ұсақ-түйек кемшіліктер байқалмай қалуы мүмкін. Тіпті шашыңыз жұқа әрі түзу болса да осы тәсілді байқап көруден қорықпаңыз. Әсерін күшейту үшін теңіз тұзы бар спрей сеуіп, ірі плойкамен нәзік толқын жасауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кекіл
Дұрыс таңдалған кекіл – жастық жолындағы сенімді серігіңіз. Ол бейнені сергітіп қана қоймай, маңдайдағы әжімдерді де шебер жасырады. Қазіргі таңда ең өзекті нұсқа – екі жаққа бөлінетін шторка-кекіл. Ол бет сүйектерін әдемі айқындап, келбетке нәзіктік, жастықтық әсерін қосады.
Ал тым қалың әрі түзу кекілден аулақ болған жөн: ол бетті көлденеңінен «қысқартып», үлкейтіп жіберуі мүмкін. Есесіне сәл ұзартылған, асимметриялы кекіл шаш үлгісін заманауи етіп, бет әлпетті жұмсартады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қабатталған шаш қию
Лифтинг әсерінің басты сыры – қозғалыс пен жеңілдіктің иллюзиясын жасау. Бұл міндетті каскад секілді көпқабатты шаш қию әдістері мінсіз атқарады. Мысалы, шегги немесе сәл италиялық боб шаштың төбе тұсы мен бет сүйектері аймағына көлем беріп, бүкіл келбетті визуалды түрде «көтереді».
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Адамды жасартатын өзге шаш үлгілері
Southern Living журналының пікірінше, 60 жастан асқан әйелдерге пикси әдісі әдемі жарасады: желке мен екі жақ қысқа, ал төбе тұсы сәл ұзындау болуы керек.
Good Housekeeping дерегінше, жылдар бойы сәннен түспей келе жатқан классикалық каре шаш үлгісін де ұмытпаған жөн. Оны кекілмен толықтырсаңыз, бетіңіз бірден жасарып кетеді.
Бұған дейін қартаюға қарсы antiage косметиканы зерттейтін қазақ қызы туралы жазғанбыз. Ал биыл қандай түстер трендке айналады?
Сонымен қатар биылғы көктемде киюге арналған сәнді киім үлгілері туралы мына сілтеме арқылы біле аласыз.

