Жаңалықтар

Министрлік көмірді ертерек сатып алуға кеңес берді

Бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардың көмірге деген сұранысының жоспары әзірленді
Министрлік көмірді ертерек сатып алуға кеңес берді
Фото: baq.kz 15.07.2022 11:43 1161

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев, Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен серіктестіктердің өкілдері қатысты.

Министрлік 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардың көмірге деген сұранысының жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды, оның ішінде ішкі сектор – 2,8 млн тонна.

«Министрлік келесі жылыту маусымына дайындықты наурыз айында бастады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне 15 шілдеден бастап халық үшін көмір жинауды бастау ұсынылады. Министрлік Жол картасын әзірледі. Бүгінгі таңда карта облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді», деді Ілияс Оспанов.

Жиынды қорытындысы бойынша Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға