pixabay.com

Министрлік утиль алым бойынша петицияны қарайтын комиссияны бекітті

04.06.2024 13:01

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.