Жаңалықтар

Министрлік шаруалардың талап-тілегін ескермей отыр – мәжіліс депутаты

Министрлік шаруалардың талап-тілегін ескермей отыр – мәжіліс депутаты
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.05.2023 12:50 825

Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге мал шаруашылығы саласын қаржыландыруға қатысты бірқатар мәселенің барын айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамытуды және инвестициялық салымдарды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрықтардың жобасын әзірлеген. Қазір бұйрықтардың жобалары мемлекеттік органдармен келісілуде.

Өзгерістер етті мал және қой шаруашылығын субсидиялаудың 8 бағытын, соның ішінде шалғайдағы жайылымдарда шопандар үшін вагондар сатып алуға, сонымен бірге құдықтар мен ұңғымаларға арналған су көтергіш сорғыларды субсидиялауды алып тастайды. Жаңа ережелер шалғайдағы жайылымдарда құдықтар салу кезінде субсидиялау нормативін 2 есеге қысқартады, – дейді депутат.

Аталған өзгерістер қоғамда қарапайым шаруадан бастап сала сарапшыларының көптеген наразылықтарын туғызып жатқан көрінеді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, 21,6 мыңнан астам фермерлік қожалықтар бір мезгілде мал шаруашылығын дамытуға тиісті субсидиялардан айырылады, бұл өз кезегінде саланың дамуын шектейді. 32,5 миллиард теңге бюджеттік субсидиялар етті мал мен қой шаруашылығы саласынан алынып, ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспары бойынша астық өндірушілерді қолдауға бағытталады, – деді ол. 

Министрліктің шаруалар мен жұртшылықтың талап-тілегін ескермеуі олардың Мемлекет басшысы белгілеген Әділетті Қазақстан саясатына сенімсіздік танытуына мәжбүр ететінін айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға