Жаңалықтар

Министрлік Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты пікір білдірді

Министрлік Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты пікір білдірді
Фото: facebook.com/Сандугаш Дуйсенова 14.08.2023 15:00 1229

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға құқықтық көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын, - деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова «Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» (147-бап) бабы бойынша айыпталып жатыр. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босап шыққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға