Жаңалықтар

Министрлік қызметкерлері қазақ тілінен тест тапсырды

Министрлік қызметкерлері қазақ тілінен тест тапсырды
07.10.2023 08:29 836

Цифрлық министрлікте «Қазтест» сынағы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Тіл саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілінің қатысуымен Министрлік қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті.

Диагностикалық тестілеуге Министрліктің 70 қызметкері қатысты. Тестілеу нәтижелері мынадай:

базалық деңгей (А2) – 4 қызметкер (6 %)

орта деңгей (В1) – 15 қызметкер (21 %)

ортадан жоғары деңгей (В2) – 41 қызметкер (58 %)

жоғары деңгей (С-1) – 10 қызметкер (14 %)

2022 жылмен салыстырғанда, ортадан жоғары деңгейді меңгергендердің 15,7 %-ға артып, қарапайым, базалық және орта деңгейлердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерінің өскенінің көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар, 11 қызметкерде қазақ ресми тест сертификаты (жарамдылық мерзімі – 1 жыл), 10 қызметкерде қазтест сертификаты (жарамдылық мерзімі – 2, 3 жыл) бар. Олардың нәтижесі мынадай болды:

орта деңгей (В1) – 13 қызметкер

ортадан жоғары деңгей (В2) – 6 қызметкер

жоғары деңгей (С-1) – 2 қызметкер.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жүйелі жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға