Жаңалықтар

Министрлік өкілі Бағдат Мусиннің қызметтен кетуін талқылап жатқандарға жауап берді

Министрлік өкілі Бағдат Мусиннің қызметтен кетуін талқылап жатқандарға жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 02.05.2024 14:33 763

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен Бағдат Мусиннің қызметтен кетуінен соң айтылып жатқан түрлі әңгіменің нүктесін қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми өкіл аталған мәселеге қатысты жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Достар! Әлеуметтік желіде белсенді талқыланып жатқан кейбір пайымдауларға түсініктеме бергім келеді. Соңғы күндері БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары министр Бағдат Мусиннің қызметтен кетуін әртүрлі пайымдармен талқылап жатқанын байқадым. Министрдің отставкаға кетуі оның өз қалауымен байланысты. Оны өзінің ресми парақшаларында жазды. Сондықтан мен сіздерді жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырғым келеді, - деп жазды Альбина Әтен Facebook парақшасында.

Айта кетейік, 30 сәуір күні Бағдат Мусин қызметінен босатылды. Кейін ол өзінің отставкасына қатысты пікір білдірген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға