Жаңалықтар

Министрлік өкілдері климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды

Министрлік өкілдері климаттың өзгеруі мәселелері  талқыланды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 05.10.2023 19:51 668

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Бүгін Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы басымдықтары талқыланды.

Сондай-ақ, ынтымақтастықтың болашақ салалары, атап айтқанда, Париж келісімінің көміртегі квоталары саудасының нарықтық тетіктері жөніндегі 6-бабын талқылау бойынша бірлескен жұмыс және мүдделі тараптардың қатысуымен 2023 жылғы 11-13 қазан аралығында қажетті консультациялар өткізу айқындалды.

Сонымен қатар, қар барысы популяциясын сақтау, тұран жолбарысын реинтродукциялау жобаларын іске асыруды және қаржыландыруды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға