Жаңалықтар

Министрлік білім беру және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік бақылауды күшейтеді

Министрлік білім беру және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік бақылауды күшейтеді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 16.05.2024 01:36 570

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі білім беру және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Астанада ведомство Алқасының отырысы барысында медицина қызметкерлерін даярлау сапасы мәселелері қаралды. Соңғы жылдары академиялық еркіндік пен университеттердің дербестік режимге көшуі оң нәтиже берді, алайда белгілі бір проблемалар туындап отырғаны атап өтілді.

Мемлекет тарапынан бақылаудың әлсіреуі білім беру сапасының, сондай-ақ заңнамаға сәйкес біліктілік талаптарының сақталуын қадағалаудың төмендеуіне әкелді. Студенттердің шамадан тыс санының салдарынан инфрақұрылым мен оқу сапасы нашарлады. Бірқатар медициналық университеттер «қызыл» аймақта және тексерілуге тиіс.

Білім берудің жоғары стандарттарын және медицина мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың қызметін тексеру және мониторингтеу жөніндегі барлық комиссияларға қатысуға ниетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға