Жаңалықтар

Министр Жұбанов университетінде дәріс оқыды

Саясат Нұрбек өңірге жұмыс сапарымен барған
Министр Жұбанов университетінде дәріс оқыды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 19.02.2023 05:36 1113

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Жұбанов университетінде дәріс оқыды, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдан бастап министрлік осындай қоғамдық лекцияларды өткізе бастады. Яғни әр өңірге өзім арнайы барып, ұжыммен, студенттермен кездесіп, университеттердегі проблемаларды өз көзіммен көріп, оның шешілуіне атсалысатын боламын, - деді Саясат Нұрбек дәріс барысында.

Министр ғылыми мүмкіндіктерді дамыту мәселесін де қозғады.

Біздің басым бағытымыз өңірлік университеттерге көшеді. Өткен үш айдың ішінде барлығын зерттеп білдім, орталықтардағы үлкен университеттердің инфроқұрылымы жақсы. Ал өңірлердегі ЖОО-лар министрліктің назарынан тыс қалып отыр, - деп атап өтті министр.

Дәрістен кейін ведомство басшысы университеттің Ғылыми кеңес мүшелерімен арнайы кездесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға