Жаңалықтар

Министр жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаржы қайда жұмсалып жатқанын айтты

Министр жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаржы қайда жұмсалып жатқанын айтты
Фото: t.me/KZgovernment 27.06.2023 12:16 721

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаржының қайда жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.

Мен оны табысты жоба деп есептеймін. Неге екенін түсіндіре кетсем, бағдарламаның бірінші кезеңі жаңа жылдан басталды. Ол кезде 82 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін, револьверлі қаржыны қосқанда, 191 млрд теңгеге қазақстандықтар 33700 көлік сатып алған. Бұл бағдарламаның бірінші кезеңі бойынша көрсеткіш. Өткен жылы іске қосылған екінші бағдарлама бойынша 100 млрд теңге қаражатқа қазақстандықтар 13 300 көлік сатып алған, - деді ол.

Жалпы алғанда, бағдарлама аясында 47 мың қазақстандық өзіне жеңілдетілген автонесие көмегімен көлік сатып алуға мүмкіндік алды.

Ол кезде Ұлттық банктің базалық қоры 16 пайызды, ал жалпы базалық қор 14 пайызды құраған болатын, - деді министр.

Бұған дейін атап өткендей, қазіргі таңда жеңілдетілген автонесие бойынша бірінші бағдарлама әлі де жүріп жатыр. Ал өткен жылы басталған екінші бағдарламаның нысаны өзгерді.

Қазіргі таңда револьверлі қаражат қайтарылып жатыр. Күнделікті миллиард теңгеге жуық қаржы келіп түсуде. Қазіргі таңда біздегі негізгі тапсырма 12 млрд теңгеге автокөлік сатып алуға болады не болмаса бұл қаржыға 1500 автобус сатып алуға болады. Қазіргі кезде басымдықты автобустарға бергіміз келіп отыр, себебі қазақстандықтардың басым көпшілігі қоғамдық көлікпен жүреді, - деді.

Министрдің айтуынша, 9 млн 300 мың қазақстандық күнделікті қоғамдық көлікпен жүріп-тұрады.

«Револьверлі механизм автобустарды сатып алу негізінде жүзеге асырыла ма?» деген сұраққа:

Қазіргі таңда елімізде 10 545 автобус бар, олардың 46 пайызын жаңалау керек. Жыл сайын 1500-2000 автобусты жаңалау міндеттелген, - деп түсіндірді Қарабаев.

Қазіргі таңда автобустарды жаңалау үшін Астана, Алматы және Қызылорда қалаларынан өтінім хат келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға