Министр жемқорлардан қанша қаржы тәркіленгенін айтты
Фото: jambylinfo.kz
Фото: jambylinfo.kz
02.03.2023 12:50
989
Жемқорлардан тәркіленген қаржыдан арнайы есепшотқа 120 млрд теңге түскен. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрдің айтуынша, арнайы шот "Қазынашылық базасынан" ашылған.
"Қазір бұл есепшотта 120 млрд теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінен өтініш күтіп жүрміз. Қаржыны жөндеу қажет мектептерге бөлеміз. Олар үш ауысымды мектептер. Жедел жөндеуді қажет етіп отыр", - деді Қаржы министрі.
Сонымен қатар ол қазір өтініш беру процесі жүріп жатқанын айтты.
"Біз мектептердің тізімін алған, жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз", - деп қосты Ерұлан Жамаубаев.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салуды тапсырды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған платформа әзірленді