Жаңалықтар

Министр сынып жетекшілігі үшін берілетін ақы туралы айтты

Министр сынып жетекшілігі үшін берілетін ақы туралы айтты
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.11.2024 14:13 133

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп мұғалімдеріне сынып жетекшілігі үшін берілетін ақы туралы ашып айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылдағанға дейін сынып жетекшілеріне ақы төленбеген. 

Қабылданған заң шеңберінде сынып жетекшілік үшін қосымша ақы төлене бастады. Оның бүгіндегі шекті саны 10 мың теңгенің маңайында. Бұл  – балалармен қосымша жұмыс, сабақ емес. Халықаралық тәжірибені зерттей келе бұл мәселені тиісті деңгейде көтеруді ойластырып отырмыз. Мысалы, басқа мемлекеттерде бұндай ақы 20-30 мың теңге көлемінде екен,  – деді Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында.

Министр сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны да осы деңгейге жеткізу бағытында бірнеше зерттеулер мен есептеулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Біз тек қана сынып жетекшілеріне қосымша төленетін ақыны көтерумен ғана емес, олардың жұмысының сапасын бірдей көтерілуіне де тиісті шараларды қабылдадық,  – деді Бейсембаев.

Оның сөзінше, сапалы жұмыс істеп жатқан сынып жетекшілеріне бірінші кезекте қаржыны көтеруді қолға алынбақ,

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға