Жаңалықтар

Министр Қанат Шарлапаев тұрғын үй құрылысын қадағалау үшін БҚО-ға барды

Министр Қанат Шарлапаев тұрғын үй құрылысын қадағалау үшін БҚО-ға барды
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 29.07.2024 22:41 468

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев у тасқынынан зақым келген тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын бақылау үшін Батыс Қазақстан облысына барды. Ведомство басшысы Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бөрлі ауданындағы Ахуалдық орталығының мәліметінше, техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 127 үй жарамсыз деп танылған.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ауданда 60, Кеңтүбек ауылында – 11, Ақсуда – 23, Пугачевода – 12, Аралталда – 14 үй салынып жатыр. Жұмыстар «Ақжайық» қоры, «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС және «Демеу» қоры демеушілердің қаражаттары есебінен жүргізілуде.

Министрліктің мәліметінше, жұмыс 85-90 %-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 1 тамызы. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Бөрлі ауданында 66 үй сатып алу жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға