Жаңалықтар

Министр Қанат Шарлапаев Ақмола облысында болды

Министр Қанат Шарлапаев Ақмола облысында болды
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 09.05.2024 23:41 617

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ақмола облысына барып, су тасқынының  зардаптарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын қадағалады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Атбасардың су басқан аумақтарын аралап көрді, оған келтірілген залалдың нәтижесі туралы хабарланды

Атбасарда 374 үй зақымданып, 248 үйге сараптама жүргізілген. Оның 77-сі қауіпті деп танылып, 171-і жөндеуді қажет ететіні анықталған

Зардап шеккендерге арналған 100 пәтерлік екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Министр үйлердің құрылысы барысыменсондай-ақ көшені су басу қаупін алдын алу мақсатында С.Сейфуллин көшесінде су өткізгіш құбыры бар жолды салу жобасымен танысты.

Қанат Шарлапаев Көкшетауға барыпоблыс әкімі Марат Ахметжановпен  бірге су тасқыны салдарынан бұзылған  апатты тұрғын үйлер мен жеке  үйлерді аралап көрдіСонымен қатарҚылшақты өзенінің бойындағы үйінді топырақты көріпбірінші қабаты су басқан жөндеуді қажет ететін қалалық балабақшалардың  біреуіндегі жұмыстар  барысымен танысты.

Министр зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу жөніндегі жұмыстармен, тұрғын үйлердің жай-күйімен, келтірілген залалдың нәтижелерімен және қажетті қосымша құрылыс жұмыстарымен танысты.

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойыншатұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны аймақтарынан  қоныстандыру мақсатында Атбасар қаласында екі 100 пәтерлі, Бұланды және Жарқайын аудандарында  87 жеке тұрғын үй салу және Көкшетау қаласында дайын 89 пәтерді сатып алу жоспарланудаҚауіпсіз аймақта барлығы 182 тұрғын үй сатып алу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға