Жаңалықтар

Министр «Атырау-Астрахань» автожолындағы жөндеу жұмысын тексерді

Министр «Атырау-Астрахань» автожолындағы жөндеу жұмысын тексерді
Фото: Көлік министрлігі 22.10.2023 23:44 593

Көлік министрі Марат Қарабаев «Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының учаскелерін қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Министр құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 3 учаскеге барып, жиналыс өткізді.

Министр ел Президенті мен ведомство басшылығы аталған жол учаскелерін қайта жаңарту жобасына ерекше назар аударатынын атап өтіп, трассаны пайдалануға берудің жоспарланған мерзіміне жету үшін құрылыс қарқынын төмендетпеуді сұрады.  

«Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолы Қазақстан Республикасының батыс және солтүстік өңірлерінің Ресей Федерациясына шығатын көлік байланыстарын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ облыстық және жергілікті жүктер мен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру барысында зор маңызға ие. Учаскенің жалпы ұзындығы 277 шақырым.

Осылайша 2020 жылы №5 учаске (833-853 км) пайдалануға берілген. Ал биыл жылдың соңында ұзындығы 40 км №6 (853-893 км) учаскені тапсыру жоспарланып отыр. 217 км жол (616-833 км) ЕҚДБ қарызы есебінен қайта жаңартылуда.

Бүгінгі таңда 217 км-ден 167-ге дейін жабынның төменгі қабаты пайдалануға берілген.

Жылдың соңына дейін бүкіл учаске бойынша жол жүруді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жобаның толық аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға