Министр қант бағасы қашан арзандайтынын айтты
Сауда және интеграция министрі лауазымына жаңадан келген Серік Жұманғарин үкімет отырысында қант бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.
«Еліміздегі қант зауыттарының барлығы оңтүстікте орналасқан. Қазіргі таңда қант қызылшасын өсіру бәсендеп тұр. Қант қызылшасын өсіру оңай жұмыс емес. Оған су керек, электр энергиясы керек. Ал оңтүстікте су мен электр тапшылығы қатты байқалады», - деді министр.
Сондай-ақ ол жылдың соңына дейін қант бағасын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Зуыттағы қант бағасы 450 теңгеден аспайды. Ал, көтерме сауда мен базарларда қанттың бағасы 800 теңгеден жоғары саудаланып жатыр. Дегенмен, жылдың соңына дейін қант бағасы төмендету жоспарда бар», - деді Серік Жұманғарин.