Жаңалықтар

Министр Аида Балаева мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтады

Министр Аида Балаева мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 21.05.2024 11:08 600

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өнер саласының қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және өнер саласының барлық қызметкерлеріне шалқар шабыт, шығармашылық өрлеу және толайым табыс тілеймін. Әрбір жобаларыңыз көрерменге қуаныш сыйлап, мәдени мұраға қосқан үлестеріңіз баға жетпес құндылыққа айналсын. Мақсаттарыңызға жетуде табанды болыңыздар, жаңа көкжиектерді ашып, идеяларыңызды батыл жүзеге асырыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз әлемді нұрға бөлесін, жарық сыйласын және бұл қызмет сіздерге де жетістіктер мен табыс әкеледі деп сенемін, - деді министр ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, мәдениет және өнер қызметкерлері күні 2013 жылдың қараша айында бекітілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың жалақысы 2023 жылы 2021 жылғы деңгейден 45% өскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға