Жаңалықтар

"Мінезім ауыр". Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқысы келетінін айтты

"Мінезім ауыр". Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқысы келетінін айтты
Фото: instagram.com/makosyai 21.04.2023 15:01 1512

Мінезінің ауыр екенін айтқан әнші Мақпал Исабекова күйеуімен арадағы жанжал туралы да жасырмады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Адам өмір бақи бәріне кешіріммен, түсіністікпен қарап жүре алмайды. Біз адамбыз және ол қалыпты жағдай. Мен ашуланғанда айналамды жайпап тастаймын. Адамды енді қайтып көрместей болып кетемін, – дейді әнші әлеуметтік желіде.

Мақпал Исабекова оқырманның: “Сіз қатты ашуланғанда жан-жағымды қиратамын” дейсіз, күйеуіңіз бұл мінезіңізге қалай қарайды?” деген сауалына да жауап берді.

Жанжалдың көкесі болады. Екеуіміз ұрысқан сайын ажырасқым келеді. “Мен сенімен ажырасамын. Болмаса сен барып ажырасуға арыз жаз. Әйтпесе, жұрт мені таниды, ұят болады” деймін. Ол да айналасын қиратып, ашуланғысы-ақ келеді. Бірақ олай жасамайды. Себебі, сондай әрекетке барса біз расымен ажырасып кетеміз, – дейді Мақпал Исабекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға