Михаил Кукушкин Рим турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
06.05.2024 22:25
Фото:
t.me/ktf_kz
Теннисші Михаил Кукушкин Римде өтіп жатқан турнирдің ATP1000 іріктеуінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы чилилік Кристиан Гаринді (ATP 100) 5:7, 7:6 (11:9), 7:6 (7:2) есебімен ұтты. Матч 3 сағат 16 минутқа созылды.
Іріктеу финалында Михаил Кукушкин әлемнің бұрынғы сегізінші ракеткасы аргентиналық Диего Шварцманмен ойнайды.
Айта кетейік, Римдегі мастерс турнирінің бірінші турында қазақстандық Юлия Путинцева пен Мартина Тревизан, Александр Шевченко мен Фабиан Марозан жарысқа шығады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

