Михаил Кукушкин Президент кубогы турнирінің екінші айналымына шықты
25.07.2023 10:09
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour 50 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізді.
Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Оқи отырыңыз:
- Танымал комментатор «Ордабасыны» «Ардабасы» деп айтатындарға үндеу жасады
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін үндістандық Дигвиджай Сингх немесе жапониялық Рента Токуданың біреуімен таласады.
Тимур Мәуленов жекелей сында Польша өкілі Филипп Пеливоға есе жіберді - 6:7 (4:7), 1:6.
Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайыстарының финалында үндістандық Калианда Пуначеге жол берді - 1:6, 3:6.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

