Михаил Кукушкин Брисбен турниріндегі жеңісті сериясын жалғастырды
29.12.2024 15:17
Фото:
Теннис федерациясы
Михаил Кукушкин Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 168-орында тұрған корт иесі Тристан Скулкейтпен бақ сынасты.
Кукушкин 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Михаил Кукушкиннің келесі қарсыласы кейін анықталады.

