Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді
09.07.2023 15:19
Фото:
ҚР теннис федерациясы
Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгренмен ойнап, 2:0 есебімен алға шықты.
Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.
Енді отандасымыз финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салып, турнир үздігін анықтайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

