Жаңалықтар

Ми жұмысына зиян келтіретін таңғы ас түрі анықталды

Ми жұмысына зиян келтіретін таңғы ас түрі анықталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 28.02.2024 12:34 1572

Ғалымдар тиаминнің немесе В1 витаминінің артық мөлшері миға зиян екенін анықтады. Бұл дәрумен дәнді дақылдарда кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ferra.ru мәліметінше, В1 дәрумені тағамның энергияға айналуын қамтамасыз етеді. Сондықтан тұрақты таңғы аста баланс сақталуы керек, тиісінше тиаминнің жетіспеушілігі де, артық мөлшері де миға зиян, екеуінің салдары бірдей — біртіндеп ми нейрондарының энергиямен қамтамасыз етілуінің әлсіреуіне әкеледі.

Мұны 55 жастан асқан 3106 адам қатысуымен өтіп, 6 жылға созылған ауқымды зерттеу барысында расталды. Таңғы асқа тиаминді – дәнді дақылдарды шамадан тыс тұтыну адамның танымдық белсенділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Ал артық салмағы бар, темекі шегетін және қысымы жоғары адамдарда жағдай тіпті ушыққан.

Мұндай проблемаларды болдырмау үшін ғалымдар егде жастағы адамдарға күніне 0,68 миллиграмм ғана тиамин ішуге кеңес береді. Ал жарманың бір порциясында шамамен 1,2 миллиграмм В1 дәрумені бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға