Жаңалықтар

"Мейрамбек Саят Медеуовті алғысы келген". Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобы қалай құрылғанын айтты

"Мейрамбек Саят Медеуовті алғысы келген". Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобы қалай құрылғанын айтты
Фото: instagram.com/muzartkz 27.12.2023 10:00 9961

Танымал әнші Сәкен Майғазиев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында "МузАРТ" тобының құрылу тарихы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Өнер академиясын бітірген кезде таң атпай Мейрамбек кездесіп қалды. Сабаққа кетіп бара жатқанмын. Тура бітіретін жылы. Мейрамбек Мақсат екеуміз "мәссаған, сені итпен іздеп таппай жүрміз" деді. Сонда Мақсат Базарбаев мені ұсынған екен. "Сағым" деген әнді айтатын эстарада айтатын Сәкен деген әнші бар еді ғой" деп іздеген екен. Басында олар топқа Саят Медеуовті алғысы келген. Сөйтіп, үштік болып шығатын болған. Жанатбек пен Сәбит Әбдіхалықов бар. Барлығы кішігірім театр болып кетсек деген ниеті болған. Бірақ өздері ақылдаса келе "үшеуміздің табиғатымыз бірдей болып қалатын сияқты, үшеуі де қоңыр үнді" деп ойланған.  Мақсаттың ұсынысымен маған келген, - деп естелігін бөлісті Сәкен Майғазиев.

"МузАРТ" тобы 2001 жылдың сәуір айында құрылды. 

Алдымызда топ боламыз ба, болмаймыз ба деген сұрақ тұрды. Сағаділда Үсіпәлі деген аға, досымыз бар, сол "МузАРТ" деп атын қойып берді. Алты ай есімсіз топ болып жүрдік, - дейді әнші.

"МузАрт" - көне түркі тілінен шыққан, "УЗ" – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді. Топтың алғашқы орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты әні. Бұл әнді олар алғаш рет Алтынбек Қоразбаевтің концертіне алып шығады. 2005 жылы топ құрамынан әнші Мақсат Базарбаев шығып, орнына Кенжебек Жанәбілов қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін әнші  Сәкен Майғазиев өзін “Мейрамбектің алдына шығып алды”, “Мейрамбек пен Кенжебектің ортасына тұрып алды” деп сынағандарға жауап берген еді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға