instagram.com/m_besbaev

Мейрамбек Беспаев қыздар мен жігіттерді жұмысқа шақырып жатыр

28.09.2023 17:31

Әнші Мейрамбек Беспаев жаңа радио ашып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, кастинг туралы мәлім етті.

Кеш жарық, достар! Сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Aspan FM атты радио ашып жатырмыз. Қазақ, орыс тілінде еркін сөйлейтін, еңбекқұмар жастарды жұмысқа шақырамыз. 18 бен 40 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер, Сіздерді 5 қазан сағат 15:00- де, Сайын көшесі 18 мекен жайында орналасқан “МузАрт” студиясында күтеміз. Радио әлеміне қош келдіңіздер!, - деп айтты Мейрамбек Беспаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ????????? ??????? (@m_besbaev)