Жаңалықтар

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бостандыққа шығарылуы мүмкін

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бостандыққа шығарылуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желі 17.12.2024 14:33 128

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп жатқан бес жылдық мерзімін жеңілдетіп, бостандыққа шығару туралы өтініш берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар өтінішпен Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына жүгінген.

Екеуі бүгінде жазасының үштен бірін өтеп қойған. Сондықтан вайнерлер негізгі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы өтініш түсірген.

Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру (ЖТА) бойынша материал келіп түсті. Өтінішті қарау жақын арада өтеді, - делінген сотта.

Ал ел заңнамасында мұндай мүмкіндік қарастырылған, бірақ бірнеше шарты бар.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа мінез-құлықтың бірінші оң дәрежесі берілген. Егер олар «Mudarabah Capital» клиенттеріне келтірілген шығындарын өтесе, бостандыққа шығуға толық мүмкіндіктері бар. Сот олардың өтінішін келесі аптада қарамақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға