Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының финалына шықты
04.10.2023 11:06
Фото:
©Olympic.kz/Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол алдымен Таиланд, сосын Қытай балуанының жауырынын жер иіскетті. Жартылай финалда Иран спортшысын «тушеге» түсірді. Енді финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кездеседі.
Сонымен қатар Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Азат Садықов (77 келі), Мақсат Сайлау (87 келі) қола жүлдеге күреседі. Азат жартыла финалда екі дүркін әлем чемпионы, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовқа есе жіберді.
Финалдық белдесулер Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

