Жаңалықтар

МЕТАЛЛУРГТЕР ҚАЛАСЫНДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

МЕТАЛЛУРГТЕР ҚАЛАСЫНДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
13.07.2018 05:58 1974

Металлургтер күні қарсаңында 13 шілде күні Тұңғыш Президент, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек жолын бастаған металлургтер қаласы Теміртауда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер орталығының ашылу салтанаты өтті. Республикамыздың өңірлерінде Достық үйлері мен аталмыш орталықтар еліміздің президентінің бастамасымен ашылып жатыр.

Салтанатты шараға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ директорының міндетін атқарушы, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Вадим Басин, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, металлургиялық комбинаттың ардагерлері Әлішер Жақыпбеков және Баймұрзаев Ілияс қатысты. Комбинат жанынан құрылған ақсақалдар алқасы Басин мырзаға орталықты ашу ұсынысын қолдағаны үшін, берген көмегі үшін алғыстарын айтты.

Кеңес құрамына қаланың қоғамдық және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері кірді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық Кеңесінің міндеті — мемлекеттің және қоғамның дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу, тұрақтылықты нығайту, азаматтық бейбітшілік, әлеуметтік келісім және ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету.

Шара соңында ЭМО кабинеттеріне экскурсия жасалды. Сондай ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының туы салтанатты түрде табысталып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени бірлестіктер орталығына естелік кітаптар сыйға тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға