Отандық спорт комментаторлары дегенде көптің ойына алдымен оралатын есімдердің бірі – Есей Жеңісұлы. Шамамен 18 жылын осы салаға арнап, алаңдағы әр сәтті көрерменге әсерлі жеткізіп жүрген маманмен ашық әңгіме өрбіттік.
Бұл сұхбатта Есей Жеңісұлы әлем чемпионатының әсері, Мессиге қатысты пікірінен кейін айтылған сын, комментаторлықтың бүгінгі келбеті, тіл тазалығы және ұрпақ сабақтастығының үзіліп бара жатқаны туралы ой бөлісті.