Месси ПСЖ-ға деген қарым-қатынасы үшін сынға ұшырады
28.08.2023 15:13
Фото:
instagram.com/leomessi
Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рио Мавуба Лионель Мессиді «Пари Сен-Жерменге» деген қарым-қатынасы үшін сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аргентиналық Париж клубынан осы жазда кетіп, «Интер Майами» клубының қатарын толықтырды. Осыдан соң Месси ПСЖ-да өткізген жылдары оңай болмағанын айтқан.
Месси әр сұхбаты сайын ПСЖ-ға тиісіп өтеді. Таңғаламын. Ол ПСЖ-да ойнағысы келмеген шығар, бірақ «Барселона» оған ақша төлей алмаған кезде, дәл осы ПСЖ көмекке келмегенін ұмытпағаны жөн, - деді Мавуба.
Месси ПСЖ сапына 2021 жылы ауысты. Париж клубының сапында ол екі рет Франция чемпионы атанып, Суперкубокта топ жарды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

