Жаңалықтар

Месси Оңтүстік Америкадағы ең үздік ойыншы атанды

Аргентина құрамасының шабуылшысы 2022 жылғы үздіктердің көшін бастады
Месси Оңтүстік Америкадағы ең үздік ойыншы атанды
Фото: championat.com 07.02.2023 06:40 885

Аргентина құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы Оңтүстік Америкадағы үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды El.kz Championat.com cайтына сілтеме жасап.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) құрлықтағы үздік ойыншылардың рейтингін жасаған.

Сондай-ақ ұйым Латын Америка елдері құрамаларының былтырғы үздік ойыншыларының тізімін жасады.

Тізім мынадай:

Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»);

Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан Ромеро (Аргентина, «Тоттенхэм»);

Жартылай қорғаушылар: Родриго Де Пауль (Аргентина, «Атлетико»), Каземиро (Бразилия, «Реал»/»Манчестер Юнайтед»), Энцо Фернандес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Бенфика»), Винисиус Жуниор (Бразилия, «Реал»);

Шабуылшылар: Неймар (Бразилия, «ПСЖ»), Хулиан Альварес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Манчестер Сити»), Лионель Месси (Аргентина, «ПСЖ»).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға