Getty Images

Месси халықаралық Messi Cup турнирін өткізеді

16.10.2025 02:15

Аргентина шабуылшысы Лионель Месси өзінің ресми Instagram парақшасында жастарға арналған алғашқы Messi Cup турнирінің өтетінін хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Бұл жаңалықпен бөлісе алғаныма қуаныштымын. Желтоқсан айында Майами қаласында ерекше жастар турнирі өтеді. Онда әлемнің ең үздік клубтарының жас ойыншылары бақ сынайды. Бұл тек футбол емес, нағыз болашақтың фестивалі болмақ. Бізді әсерлі ойындармен қатар көптеген қызықты шара күтеді. Бұл турнир – келесі буын туралы. Сіздерге ұнайды деп сенемін! Бұл – Messi Cup, – деп жазды Месси.

Жарыс 9-14 желтоқсан аралығында өтеді. Ұйымдастырушысы – Мессидің өз продюсерлік компаниясы 525 Rosario.

Турнирге «Интер Майами», «Барселона», «Манчестер Сити», «Ривер Плейт», «Интер Милан», «Ньюэллс Олд Бойз», «Атлетико Мадрид» және «Челси» клубтарының жастар құрамалары қатысады. Барлығы 18 кездесу өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, кеше түнде Месси Аргентина құрамасы сапында Пуэрто-Рикомен өткен жолдастық матчқа қатысып, алайда гол соға алған жоқ.