Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды
12.09.2023 17:18
Фото:
"Интер Майами" клубының баспасөз қызметі
Америкалық "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік Флорида жағалауындағы Форт-Лодердейл қаласында орналасқан зәулім сарайдың терезесінен мұхит көрініп тұрады. Мессидің жаңа үйі Майамиден 45 шақырым жерде орналасқан. Ал оның ауданы – 976 шаршы метр. Онда сегіз жатын бөлме, бассейн, жаттығу залы, спа-орталық бар. Құны 10 миллион еуро тұрады екен.
Оқи отырыңыз:
- «Мен ұлы емеспін»: Головкиннің видеосы желіде талқыланып жатыр
- Азия ойындарында жеңіске жеткен боксшылар 50 мың доллар алады
Месси бұл үйді әдейі сатып алған, себебі ол стадионға жақын орналасқан.

