Жаңалықтар

Месси әлде Роналду: XXI ғасырдың үздік футболшысы кім

Месси әлде Роналду: XXI ғасырдың үздік футболшысы кім
Фото: ©IG/leomessi/cristiano 24.07.2024 12:08 532

Танымал ESPN спорттық басылымының нұсқасы бойынша, XXI ғасырдың үздік футболшысы атағы «Барселонаның» экс-шабуылшысы, бүгінде «Интер Майами» намысын қорғайтын Лионель Мессиге бұйырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду екінші сатыға орналасты.

ESPN мәліметінше, үздік үштікті «Барселона» мен «Арсенал» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри қорытындылаған.

Төртінші орында француз Зинедин Зидан, бесінші орында хорват Лука Модрич тұр. Ал «Реал Мадрид» сапын жақында ғана толықтырған француз Килиан Мбаппе алтыншы сатыда.

Сонымен, ХХІ ғасырдың үздік 10 футболшысының тізімі мынадай:

Лионель Месси (Аргентина).

Криштиану Роналду (Португалия).

Тьерри Анри (Франция).

Зинедин Зидан (Франция).

Лука Модрич (Хорватия).

Килиан Мбаппе (Франция).

Андрес Иньеста (Испания).

Хави (Испания).

Роналдо (Бразилия).

Роналдиньо (Бразилия).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға