Мешіттерде ұрлық жасаған ұры камераға түсіп қалған
23.10.2022 05:33
Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген ұры камераға түсіп қалған деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.
Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алып-сатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады, - деді полициядан.
Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

