Жаңалықтар

Мешітте баланы ұрған имам қалай жазаланады?

Мешітте баланы ұрған имам қалай жазаланады?
Фото: Видеодан кадр 02.10.2023 09:52 949
Алматы облысында имам намаз кезінде баланы шапалақпен ұрып жіберген. Бала шалқасынан құлап түсті. Әлеуметтік желіге таралған бейнежазба көптің талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Шелек ауылындағы "Хидаят" мешітінде болған оқиғадан кейін жергілікті билік өкілдері, ауыл тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті. Сол жерде имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді.
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды, - делінген ресми хабарламада.
Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін имамдарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні белгілі болды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға