Жаңалықтар

Мерзімді әскери қызметкерлерге білім беру саласында жеңілдіктер беріледі

Бұл туралы ОКҚ алаңында айтылды
Мерзімді әскери қызметкерлерге білім беру саласында жеңілдіктер беріледі
Фото: baribar.kz 27.01.2023 15:37 1086

Бүгін «Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім беру саласындағы жеңілдіктер» тақырыбы аясында ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің беделін арттыру қажеттілігі туралы бірнеше рет атап өтті. Сондықтан әскери қызмет өткеріп жүрген жастарға қолдау көрсету Қорғаныс министрлігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда аталған міндетті орындау үшін ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева министрліктің қандай жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

«2022 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери қызметін шұғыл өткерген сарбаздарға білім беру жеңілдіктерін беру бойынша бастамашылық жасап, үлкен жұмыс жүргізуде. Бұл жоба жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, әскерде қызмет ететін азаматтар арасында оң пікір қалыптастырды», - деді Айгүл Нұралықызы.

Сондай-ақ кеңесші лайықты әскери қызметшілер емтихан тапсырмай, ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына ақылы түрде түсе алатынын айтты.

«Әскери қызметкерлердің арасында жеңілдікке анағұрлым лайықты деп есептелгендері ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. ЖОО-дарымен келісімге қол қойылған», - деді ол.

Оған қоса Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызмет өткерген және жоғары нәтиже көрсеткен азаматтар емтихансыз Қорғаныс министрлігі әскери оқу орнына түсуге мүмкіндік бар дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға