Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр
Фото: El.kz / Арман Мұхатов 08.06.2024 02:45 546

Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Конкурстың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін — кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмелері;

4)ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардан ұсыным хаттар (екіден кем емес);

7) отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік);

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Қатысуға өтінімдер 15 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады: mereyli.otbasy2024@mail.ru  (pdf форматында).

Қосымша ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы алуға болады: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға