«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі - Дархан Қыдырәлі
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
15.05.2023 15:45
1510
Отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Оған өтінім қабылдау басталды. Өтініштерді 15 маусымға дейін аудандық және қалалық комиссиялар қабылдайды. Әр аймақтан 1 отбасы байқау жеңімпазы болып таңдалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жыл сайын отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Бүгінде биылғы байқау жеңімпаздарын анықтауға өтінім қабылдау басталды. Өтініштерді 15 маусымға дейін аудандық және қалалық комиссиялар қабылдайды. Әр аймақтан 1 отбасы байқау жеңімпазы болып таңдалады. Осы орайда, баршаңызды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз, - деп жазды ол.
Оған қоса, министр "15 мамыр - Халықаралық отбасы" күнімен қазақ халқын құттықтады.
Отбасы – әрбір азамат үшін қастерлі ошағы, Отанның бастауы, аяулы ата-анасы мен алтын ұясы. Сондықтан бұл мерекенің орны айрықша. һ Отбасыларыңызға амандық, әулеттеріңізге береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, - деп жазды Д.Қыдырәлі парақшасында.
Одан бөлек, Дархан Қыдырәлі алдағы жоспарларымен бөлісті. Отбасы институтын нығайту, дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және оны іске асыру жоспары қабылданғанды. Жоспарға сәйкес отбасын қолдау орталықтары ашылуда. Бүгінде орталықтардың жалпы саны 68-ге жетті. 2025 жылға дейін 143 орталық ашылады деп жоспарланып жатырғананын тілге тиек етті.
2025 жылға дейін 143 орталық ашылады деп жоспарлануда. Жалпы, ата-аналардың балалармен бірге уақыт өткізуіне кедергі келтіретін негізгі себептер - жұмысбастылық (25%) және үй жұмыстарының көптігіне байланысты уақыттың болмауы (10,6%). Өз балаларын тәрбиелеу кезінде қазақстандықтар еңбекқорлық (33,8%), өзін-өзі бағалау (31,8%), адалдық (31,7%), үлкендерге құрмет (25,3%) сияқты құндылықтарға баса назар аударады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Олимпиадаға қатысу үшін 57 келіге ауысамын - Махмұд Сабырхан
Келесі жаңалық
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды