Мереке жақындаған сайын алаяқтардың да әрекеті күшейе түседі. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында олар адамдардың қуанышқа толы көңіл күйін, сенгіштігін және асығыс шешім қабылдайтынын пайдаланып, сан түрлі айлаға барады.
Мерекеде сақ болыңыз: алаяқтардың жаңа тәсілдері
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
06.03.2026 15:21
Фото:
El.kz/Арман МҰХАТОВ
Алаяқтар осыған ұқсас тәсілді «жасырын жанкүйерден сыйлық» деген желеумен де жиі қолданады. Белгісіз маркетплейстен жеткізілім барын айтып, жеткізуді растау үшін SMS-код сұрайды. Кодты алған соң «курьер» кетіп қалады, ал кейін қораптың бос немесе пайдасыз заттармен толтырылғаны белгілі болады.
Біраз уақыттан кейін жәбірленушіге өздерін «банк» не «құқық қорғау органы» қызметкері ретінде таныстырған адамдар хабарласып, «атыңызға заңсыз несие рәсімделіп жатыр» деп қорқытады. Олар жағдайды «тез шешу» үшін ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды немесе «алаяқтарды ұстау операциясына көмектесу» деген сылтаумен несие рәсімдеуді талап етеді. Нәтижесінде адам алаяқтардың нұсқауын орындаса, жинаған қаржысынан айырылып қана қоймай, ірі қарызға батып қалуы мүмкін.
Тағы бір жиі кездесетін әдіс - әлеуметтік желілердегі жалған таныстық. Алаяқтар тартымды фотолары бар жалған парақша ашып, сенімге кіреді де, түрлі сылтаумен ақша сұрайды: «анама сыйлық алуым керек», «қарындасыма гүл апарғым келеді» деген сияқты. Қаражатты алған соң байланысын үзіп, ізін жасырады.
Сонымен қатар олар мерекелік құттықтау ашықхаттары арқылы да алдайды. Әдемі анимациясы мен әуені бар файл жіберіп, оны ашқан сәтте құрылғыға зиянды бағдарлама орнатады. Соның нәтижесінде пайдаланушының құпиясөздері, банк карталарының деректері және басқа да жеке мәліметтері алаяқтардың қолына түсуі мүмкін.
Мұндай алаяқтыққа тап болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанған жөн. Ең алдымен, ешкімге SMS арқылы келген кодты айтпау керек - ол тек өзіңізге арналған қорғаныс құралы. Интернет-дүкеннен тапсырыс бергенде төлемді тек ресми төлем жүйелері арқылы жүргізген дұрыс. Егер таныстарыңыздың атынан ақша сұраған хабарлама келсе, міндетті түрде өзіне телефон соғып, нақтылап алған жөн. Ал гүл мен сыйлықты тек сенімді, пікірлері бар сатушылардан алған қауіпсіз.
Ең маңыздысы - абайсызда SMS-кодты айтып қойған жағдайда да кейін хабарласқан «банк» немесе «полиция» қызметкерлерінің сөзіне сене беруге болмайды. Көп жағдайда бұл - алаяқтардың алдаудың келесі кезеңі ғана.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

