Жаңалықтар

Мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін 20 мыңға жуық полицей қамтамасыз етеді

Мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін 20 мыңға жуық полицей  қамтамасыз етеді
Фото: polisia.kz 22.03.2023 09:05 986

Наурыз мерекесіне орай Қазақстан бойынша полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері қызметке кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық жедел басқару орталығында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді.

– Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару міндеті жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Әрбір өтінішке құлақ асып, қамқорлық және ұқыптылық таныту парыз. Барынша сыпайы болып, мұқияттылық көрсеткен абзал. Тұрғындар полиция мен Ұлттық ұланның қашан да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екеніне сенімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, – деді министр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға