Жаңалықтар

Мереке күндері ауа райы қандай болады

Мереке күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©pixabay.com 06.05.2024 13:19 1555

Синоптиктер 7, 8 және 9 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың пікірінше, алдағы күндері Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңірлеріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі. Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде теріс температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді. Бірақ батыс аймақтарда ауа - райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Алдымен оңтүстік циклонымен жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін.

Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға