Жаңалықтар

Менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы талқыланды

Медицина
23.06.2016 07:45 4605

Бүгін Алматыда «Қазақстан Республикасындағы менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтерді дамытудың перспективалары» атты дөңгелек стол өтті.

 Менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы талқыланды

Шараны «Аман-саулық» Қоғамдық қоры Сорос Қазақстан Қорының қаржыландыруымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен  бірлесе отырып ұйымдастырды.

Шараға министрлік өкілдері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, медициналық ЖОО мен колледждерінің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, әлеуметтік-медициналық ҮЕҰ өкілдері және ментальді кемістігі бар азаматтардың туыстары қатысты.

 Менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы талқыланды

Дүние жүзінде менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психикасы бұзылған адамдарды кемсіту мен олардың стигматизациясы – психикалық денсаулықты қорғау саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Онымен күресу шаралары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастық қызметтерінің басым бағыттарының бірі болып саналады.

 Менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы талқыланды

Отырыс барысында «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бахыт Түменова өткен жылы Қазақстанның бес аймағында менталдық кемістігі бар азаматтардың әлеуметтік интеграциясы мәселелері бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізілгенін еске салды. Сонымен қатар, психикалық ауытқушылықтары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік ұйымдар аясында әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін анықтау мақсатында сараптама жасалды, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және көмек көрсетудің баламалы тәсілдерін дамытуға бағытталған ұсынымдар дайындалды.

«Аймақтардағы қоғамдық тыңдаулардың сараптамасы денсаулығының психикалық кемістігі бар азаматтардың құқықтары туралы пациенттер мен олардың туыстары, жалпы тұрғындар хабардарлығының төмендігін дәлелдеді», – деп атап айтты Бахыт Түменова.

Менталдық кемістігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы талқыланды 

Дөңгелек стол аясында әлеуметтік ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігі мен олардың қызметтерін тұтынушылар арасындағы сұранысы, ҮЕҰ мәліметтерінің халықаралық стандарттарға сай болуы мен олардың қаржыландыруы және т.б. талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді дайындау мен енгізу жұмыстары басталды. АӘҚ ұсынатын ұйымдар желісін дамыту – маңызды міндеттердің бірі болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі берген дерекке сенсек,  аталған мерзім ішінде олардың саны 35%-ға ұлғайып, 2008 жылы 592 ұйымнан 2015 жылы 797 ұйымға дейін артты. Әлеуметтік қызметтер ұсынатын әлеуметтік ҮЕҰ-ды қолдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және халықаралық гранттар арқылы жүзеге асырылады.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға