Менингиттен қалай қорғану керек? Дәрігер кеңес берді
Менингит әлі де қауіпті дерт, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дәрігер-иммунолог Владимир Болибок бұл ауруды не қоздыруы мүмкін екенін айтты.
Менингит – ми қабығының қабынуы. Оны менингококк немесе гемофиль таяқшасы қоздыруы мүмкін, – деп түсіндірді маман.
Дәрігердің айтуынша, менингококк пен гемофиль таяқшасына қарсы екпелер бар. Сондай-ақ гемофиль таяқшасы туындататын менингитке қарсы вакцинацияны ресми екпе күнтізбесіне енгізу жоспарда бар.
Болибоктың сөзінше, басты қауіп – аурудың белгілері байқалмайтын бактерия тасымалдаушыларда.
Мұндай адам өзі ауырмайды, бірақ микроб оның мұрнында өмір сүріп, басқаларға жұғады. Бұл – ауа арқылы берілетін тыныс жолдарының инфекциясы, – деді ол.
Маманның айтуынша, менингитті емдеуде антибиотиктер қолданылады. Ал аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – вакцинация.

