Жаңалықтар

Менің ұлымды қоғамның паразиті деп атады - Альмира Бишімбаева

Менің ұлымды қоғамның паразиті деп атады - Альмира Бишімбаева
Фото: Видеодан кадр 03.05.2024 15:46 6054

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева сот жарыссөзінде жәбірленуші тараптың адвокаттары айтқан сөздеріне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші тараптың адвокаттары ұлымды қоғамның паразиті деп атап, оны "Ескі Қазақстанның" адамы деп көрсетіп, 30 жыл бойғы шенеуніктер жасаған қылмыстың бәріне жауапты адам ретінде көрсетті. Бұл алқабилерге жасалған қысым деп есептеймін.  Жәбірленуші тарап әділ жазалаудың орнына Ескі Қазақстанда кеткен есені жібермей, жазалау керектігін талап етті. Мен тек бір нәрсені сұраймын: қоғамның барлық күнәлары мен қиыншылықтарын бір адамның мойнына жүктемеңіздер. Мен баламның әділ жазаланғанын қалаймын, - дейді Қуандық Бишімбаевтың анасы.

Альмира Бишімбаева Қуандық өте үлкен отбасында өскенін және қазақы тәрбие көргенін айтты. Сондай-ақ алғаш рет Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға